Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Амангелді Ахметжанов
Künstler:in
Зағыпран
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Амангелді Ахметжанов
Komponist:in
Тілеген Әділов
Songwriter:in

Songteksten

Мен сүрінсем меннен бұрын құлаған.
Құлап жүріп сынғанымды құраған.
Саған жаным, сөзсіз төзім берген ғой,
Маған жаны ашитұғын бір адам.
Мен жыласам, меннен бетер жылаған.
Жанарының жасын көлғып бұлаған.
Саған жаным ашиды ылғи езіліп,
Маған жаны ашитұғын бір адам
Мен жыласам меннен бетер жылаған.
Мен қуансам қуанатын шын, адам.
Сен аман бол, сен аман бол, жарқыным,
Маған жаны ашитұғын бір адам.
Саулығымды ол жаратқаннан сұраған.
Жаулығын ол, терге жасқа шылаған,
Саған жаным, табандылық берген ғой,
Маған жаны ашитұғын бір адам.
Жырдан болған, сөзден болған сыбағам,
Сыбағамды талай жандар сынаған.
Саған жаным, соққы тиген білемін,
Маған жаны ашитұғын бір адам.
Written by: Амангелді Ахметжанов, Тілеген Әділов
instagramSharePathic_arrow_out