Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
KANAT
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Жалманбет Мұратбек
Komponist:in
Мұхаммед Қонаев
Songwriter:in
Songteksten
Әй азамат амансың ба хал сұрар
Атыңа мін, ал аттандық, аңшылар
Бөрі менен Ер азығы жолда екен
Аңшылық ол нағыз Ерге тән шығар
Аңға шығып құмармыз қансын ал
Қанды басың бері тарт деу - заң шығар
Қалын қамыс арасынан құс аңдып
Таң асырып олжа іздейді аңшылар
Гүрс гүрс гүрс
Ал жігіттер сайлаңсын,
Гүрс гүрс гүрс
Жігеріміз қайралсын.
Гүрс гүрс гүрс
Мылтығыңның дауысы
Гүрс гүрс гүрс
Қанжығамыз майлансын.
Орман, тау- көл, дала кезіп торыған
Нағыз аңшы адаспайды жолынан
Нағыз аңшы - табиғатың еркесі
Ақылы мен айласы мол оғылан
Серттен таймау ұстанымы аңшының
Күтіп аңсар қансонар мен маусымын
Түсінгенге аңшылықта өмір бар
Атқаратын ішіндегі жан сырын
Гүрс гүрс гүрс
Ал жігіттер сайлаңсын,
Гүрс гүрс гүрс
Жігеріміз қайралсын
Гүрс гүрс гүрс
Мылтығыңның дауысы
Гүрс гүрс гүрс
Қанжығамыз майлансын
Written by: Жалманбет Мұратбек, Мұхаммед Қонаев