Songteksten

Керемет қандай көшесі көркем,
Әдемі әсем әнменен шертем,
Алматы қандай шырайлы.
Жарық түндері жарқырап тұрар,
Таң қалмай саған кім шыдап тұрар,
Таңдары неткен арайлы.
Алматы әсем гүлденген қалам,
Көк төбе биік қол созам саған,
Алатау тағы шабыт бер маған.
Алматы жайна жасайбер мәңгі,
Ғашықтар жүрсін көшеде сәнді,
Арайлап атсын әр таңы.
Талайдың жаққан жұлдызын көктен,
Әр жанды өзің бақытты еткен,
Алматы ғажап қаласың.
Алысқа кетсем сағындырасың,
Әрқашан менің жанымды ұғасың,
Мен үшін жалғыз дарасың.
Written by: Әлжан Нұрлыбек
instagramSharePathic_arrow_out