Topsongs van Саят Медеуов
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Саят Медеуов
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Ахмет Молдағұлов
Komponist:in
Ринат Заитов
Songwriter:in
Songteksten
Жаралған жердегі көп жаннан әсем,
Боп жүрсің шаттығыма жарнама сен.
Езіліп ештеңеге алаңдама,
Мен сені шын сүймесем таңдамас ем.
Мен үшін талай иіп өз басыңды,
Дәлелдедің өзгеріп тозбасыңды
Мың қыз менің күлкімді көргенменен,
Сен ғанасың көретін көз жасымды.
Қасымда өзің болсаң жырақ қайғы,
Әр сөзің сенімімді қуаттайды
Сен барда мені де ешкім құлатпайды
Мен барда сені де ешкім жылатпайды.
Мен үшін талай иіп өз басыңды,
Дәлелдедің өзгеріп тозбасыңды
Мың қыз менің күлкімді көргенменен,
Сен ғанасың көретін көз жасымда.
Жүзіңе жылдар салса қанша оюын
Алдыңда бар білемін сонша айыбым.
Жанымнан кей-кездері түңілсемде,
Тағыңнан түсе көрме ханшайымым
Мен үшін талай иіп өз басыңды,
Дәлелдедің өзгеріп тозбасыңды
Мың қыз менің күлкімді көргенменен,
Сен ғанасың көретін көз жасымда
Written by: Ахмет Молдағұлов, Ринат Заитов