Topsongs van Abyroy
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Abyroy
Künstler:in
Президенттік оркестр
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Zhanbolat Adilov
Songwriter:in
Songteksten
Тұлғасы таудай батырдың ұраны
Бірлікте біздің күш!
Намыстың оты кеудемді ұрады
Жігер, қайрат, алып күш!
Тұлғасы таудай батырдың ұраны
Бірлікте біздің күш!
Отаным мәңгі жүректе тұрады
Достық, Бірлік біздің күш!
Талмайтын білегі бар!
Сөнбейтін жігері бар.
От шашқан айбарынан
Арыстандай жүрегі бар!!!
Шырақ боп жағылады,
Жебе боп атылады!
Намыстан жаратылған
Біздің елдің батырлары!
Алаштың азаматы!
Қазақтың қазанаты!
Бәрінен биік тұрсын
Бабалардың аманаты!
Қайратың кемімесін,
Арың мен ақыл-ойың!
Шарықтап бар әлемге
Асқақтасың абыройың!
Тұлғасы таудай батырдың ұраны
Бірлікте біздің күш!
Намыстың оты кеудемді ұрады
Жігер, қайрат, алып күш!
Тұлғасы таудай батырдың ұраны
Бірлікте біздің күш!
Отаным мәңгі жүректе тұрады
Достық, Бірлік біздің күш!
Елі мен жері үшін,
Тасыған жігер күші.
Жүрексіз, білексіз,
Бітпейді ердің ісі!
Мысыменен мыңды алып,
Намыс үшін кетер жанып.
Батырлары біріккенде
Төн(е)алмайды қатер-қауіп.
Жігеріңе жаның болса азық,
Намыстың алауы сөнбейді.
Еліңе бола біл - Темірқазық
Ешқашан есімің өлмейді!
Достыққа шақырған бар әлемді,
Әрқашан бірлікте біздің күш!
Атыңды танысын бәрі сенің
Қырандай қалықта, биік ұш!
Тұлғасы таудай батырдың ұраны
Бірлікте біздің күш!
Намыстың оты кеудемді ұрады
Жігер, қайрат, алып күш!
Тұлғасы таудай батырдың ұраны
Бірлікте біздің күш!
Отаным мәңгі жүректе тұрады
Достық, Бірлік біздің күш!
Written by: Zhanbolat Adilov