Songteksten

Қызым менің
Өмірдің мініп алып кемесіне,
Шыққайсың биіктердің белесіне.
Мейірім деген есім ұлы есім,
Әрдайым көрінетін биіктерде.
Әкеңнің қызысың сен бұл өмірде,
Сақтаймын сені мәңгі жүрегіме.
Бақытың баянды тек болсын деймін,
Ән арнадым жан қызым мейірімім тек өзіңе.
Анаңның қолғанаты болшы күнде,
Жанымның саясысың сезесіңбе.
Аяулы ардағымсың жырым егіз,
Қаяу мұң түспесінші көңіліңе.
Қайырмасы:
Әкеңнің қызысың сен бұл өмірде,
Сақтаймын сені мәңгі жүрегіме.
Бақытың баяды тек болсын деймін,
Ән арнадым жан қызым мейірімім тек өзіңе.
Сөзі: Жалғас Әміржан
Әні: Төрежан Сүлейменов
Written by: Аманкелді Сатиев
instagramSharePathic_arrow_out