Songteksten

Қабағыңды мұң шалғанда
Жеңіс бермей бұл жалғанға
Іштей тынып жүріпсің мені ойлап
Жан Анашым
Бала болдым ұғынбадым
Кеш түсіндім мұның бәрін
Неге сенің жүрегіңді
Мен ертерек ұғынбадым
Көңілің алаң көрсетпесеңде
Бар уайым сенде балаң үшін
Жасайтын кезек келді маған
Бар күшімді жиып, Жанымды қиып Анам үшін
Мама, мама
Кешіре көр жүрегіңді жылатқан болсам
Мама, мама
Сенің соққан үмітіңді құлатқан болсам
Мамау, мама
Көз жасыңды қуаныштан төккізем әлі
Мамау, мама
Жыламашы арманыңа жеткізем әлі, Жеткізем әлі
Төтеп беріп нала мұңға
Мен есейіп барамынба
Балаң болып қала берем
Сенің ғана жанарыңда
Балалығым қайда бәрі
Уақыт зулап айналады
Әке болдым менде бүгін
Өмір неткен айналмалы
Көңілің алаң көрсетпесеңде
Бар уайым сенде балаң үшін
Жасайтын кезек келді маған
Бар күшімді жиып Жанымды қиып Анам үшін
Мама, мама
Кешіре көр жүрегіңді жылатқан болсам
Мама, мама
Сенің соққан үмітіңді құлатқан болсам
Мамау, мама
Көз жасыңды қуаныштан төккізем әлі
Мамау, мама
Жыламашы арманыңа жеткізем әлі, Жеткізем әлі
Written by: Нуршапагат Орынбасарқызы
instagramSharePathic_arrow_out