Songteksten

Жоқ дегенге теңдесі
Құбыласың сен де осы
Алыстасам іздер деп
Үміттенбеші!..
Мұңайтам деп тұрғанда
Бақытыңнан құр қалма
Жыламайды жігіттер
Жеңіл мұңдарға...
Қ/сы:
Сен мені тыңдашы, тыңдашы, тыңдашы жарығым!
Сағынтамын дегенше өзіңнің таусылар сабырың!..
Сен мені тыңдашы, тыңдашы, тыңдашы жарығым!
Өз жолыңа тұрмашы, тоқташы, бар кезде қадірің!..
Сезім деген - ел екен
Қалалары көп екен
Сүю менен жек көру
Көршілер екен!..
Кейде бағалмайсың
Өзіңді зор санайсың
Жақының жат боп кетсе
Таң қалмағайсың!..
Сол үшін тыңдашы, тыңдашы, тыңдашы жарығым!
Сағынтамын дегенше өзіңнің таусылар сабырың!..
Сен мені тыңдашы, тыңдашы, тыңдашы жарығым!
Өз жолыңа тұрмашы, тоқташы, бар кезде қадірің!..
Written by: Есен Жүсіпов, Рамазан Амантай
instagramSharePathic_arrow_out