Songteksten

Мөлдір қара қарақаттай,
Сенің көзің қап қара,
Оу қап қара.
Қол тимеген құлын бейнең,
Құлпырады пәк қана,
Оу пәк қана.
Жас жүрегім қанбай,
Қос жанарым талмай,
Сенде бақыт бардай,
Саған қарадым.
Айдан тұрсың аумай,
От жүрегім лаулай,
Бақытыма таудай,
Сені баладым!
Бақытсың мен үшін,
Менің бар жеңісім,
О ғажап сұлулық,
Бәрі де сен үшін!
Саған дейін сендей сұлу,
Жердің бетін баспаған,
Оу баспаған.
Мінсіз сұлу ай көркіңе,
Қарауға да жасқанам,
Оу жасқанам.
Written by: Мейіржан Қазыбекұлы
instagramSharePathic_arrow_out