Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Алтынбек Қоразбаев
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Алтынбек Қоразбаев
Songwriter:in
Тәкен Молдақынов
Songwriter:in
PRODUKTION UND TECHNIK
Алтынбек Қоразбаев
Produzent:in
Songteksten
Сағындым Жексенқұлым, Қосшықұлым
Өзекті жарып шыққан қос шыбығым
Қырық жыл аңыраған сорлы ананның
Зарына құлағынды тосшы бүгін
Сендерге бәсіре деп өзі жоқта
Қырық жыл ен сап жүрмін қозы лаққа
Дайын тұр құрт-майында сеземін ғой
Бір тойын болады-ау деп осы жақта
Сендерсіз мына қу үй қыстай екен
Баласын жылан жұтқан құстай екем
Қырық жыл aңыраған үмітімді
Қалайша қанат қылып ұшпай өтем
Қырық жыл aрқалаған үмітімді
Қалайша қанат қылып ұшпай өтем
Жексенқұл, Қосшықұлмен шырақтарым
Малыңды алсаншы кеп санап бәрін
Анаңды жынды атаған болағайын
Әкетер көзім жұмсам талап бәрін
Қара шаш аппақ бүгін қырау болды-ау
Дүние шектігі жоқ сұрау болды-ау
Әр күнім тойға арнаған малын бағып
Әр түнім ағыл-тегіл жылау болды-ау
Қызыл сай қырат-қырат белесі көп
Белесте қос боздақтың елесі көп
Білемін өлім бар ғой өле алмаймын
Өйткені мал-мүлкімнің егесі жоқ
Көңілім онша неге қоңырлайды-ау
Торлап бір алғаны ма өмір қайғы
Ата су Аспараға сағындырған
Қос қозым неге келіп шомылмайды
Ата су сағындырған Аспараға
Қос қозым неге келіп шомылмайды
Мен қайда сендер жүрген қиыр қайда-ау
Бұл өмір белгісі жоқ, шиырлайма-ау
Егерде мәңгілікке көзімді жұмсам
Қос уыс топырағында бұйырмайма
Күн қайда терлеп ішер қызыл шайды-ау
Тер емес көздің жасы жүзімді шайды
Жексенқұл, Қосшықұлым кеп қалды ма
Аралап қайтайыншы қызыл сайды
Written by: Алтынбек Қоразбаев, Тәкен Молдақынов