Songteksten

Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма!
 
Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.
Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүрегіне от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.
 
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма!
 
Абай, Жамбыл, сал Біржан,
Таң қалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Есшіген жан тамсанған.
 
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма!
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма!
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма!
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма! -
Written by: Бергем Нүсіпұлы, Қасымхан Талғаров
instagramSharePathic_arrow_out