Topsongs van Кенесары Мизамов
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Кенесары Мизамов
Künstler:in
Айбала Өсиетқызы
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Айдын Сәндібай
Komponist:in
Елнұр Нұрқасым
Songwriter:in
Songteksten
Күндей нұрлы жүзің жадырайды, жаным,
Жүзіңменен нұрлы арайланған таңым,
Бір өзіңнен менің басталады бағым, адал жарым!
Теңегенсің сезім бағындағы гүлге,
Сенің жарың болу - мен үшін де жүлде,
Өзіңменен бірге орындалар күнде ақ арманым.
Саған деген менің, менің жаным адал,
Саған деген менің әрбір таңым адал,
Өзіңменен бірге жүрген өмірде мағына бар.
Мені жақсы көрген мөлдіреген көзің,
Естен кетпес әлі ғашық болған кезім,
Жанарымда тұр ғой жүректегі сезім, асыл жарым.
Бұрымың да сұлу, қылығың да керім,
Кездескеннен бері бақытымсың менің,
Бақытымыз үшін, асыл жарым, сенің қасыңдамын.
Written by: Айдын Сәндібай, Елнұр Нұрқасым