Songteksten

Суретің ғашық етті айнадағы
Көздерім сол бейнені аймалады
Айнам-ау ай жүзіңнен айналайын
Тек өзің ойлағаным!
Суретің ұнап қалды айнадағы
Айару жарық етті айналаны
Айнадан да жап-жарық айжүзіңе
Жүрекпен байланамын
Сенің жүрегің ақ айна
Жаным-ау апарайын жап-жарық айға!
Менің жүрегім шарайна
Екеуміз күтіп жүрген сол бақыт қайда
Мені жүрегің қалай ма
Сезімді делелдеймін әлі талайға
Жаным жылама жарай ма
Мен сені қорғай алам әрі қарай да
Тоқташы, құлақ салшы сөздеріме
Оралтшы ең бақытты кездеріме
Көз алмай қарап тұрам күні-түні
Балауса көздеріңе
Көріктім сен не деген көркем едің
Сағыныштан сарғайып өртенемін
Менің ғана ең тәтті сөздеріме
Елігім еркеледің
Сенің жүрегің ақ айна
Жаным-ау апарайын жап-жарық айға
Менің жүрегім шарайна
Екеуміз күтіп жүрген сол бақыт қайда
Мені жүрегің қалай ма
Сезімді делелдеймін әлі талайға
Жаным жылама жарай ма
Мен сені қорғай алам әрі қарай да
Written by: Есен Жүсіпов
instagramSharePathic_arrow_out