Muziekvideo

Алланың бары ақиқат
Алланың бары ақиқат bekijken op YouTube

Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Meirambek Besbayev
Meirambek Besbayev
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
А. Бексұлтан
Komponist:in
Қ. Сарин
Songwriter:in

Songteksten

Алладан басқа жоқ тәнір
Мұхаммед - оның елшісі
Оқысаң құран тәп-тәуір
Жаныңның жалғыз емшісі
Адамның бәрі жат-бауыр
Заманның сол ғой кем тұсы
Болуы қиын қақағул ібіліс болса көршісі
Жер бетіндегі көп қабыр
Пенденің алған елшісі
Құлдың да құлдан несі артық,
Нәпсісі түгел тисе артық,
Намазын оқып бес уақыт
Иманын кәміл жиса артық
Қиамет күні, құлым деп
Алланың өзі сүйсе артық
Жәннәтта ғұмыр кешерсің
Көңіліңді сонда күй шалқып
Ананың аппақ сүтімен
Жұмақтың жұпар иісі аңқып
Алланың бары ақиқат
Танитын соны ілімдер
Ля Иллаха, деп жас ұрпақ
Намаз бен һақтың нұрын көр.
Пайғамбар салған ізбенен
Жаңылмай жолдан жүріңдер,
Тұрағың болған жалғанда
Жұмағың болмас жұмыр жер
Тіршілік еткен пендеңе
Құлшылық етер ғұмыр ер
4Өкінішті мына өмірде
Тарам да тарам жол болар
Біреудің тасып мерейі,
Біреудің бағы кем болар.
Алланың ол да сынағы
Ойлаған соны жөн болар
Есіктен кірген басыңның
Алатын орны төр болар
Бесіктен шыққан басыңның
Баратын жері көр болар
Құранның сөзі қасиет
Пайғамбар сөзі өсиет
Күдеріңді үзбе құдайдан
Көрсең де қайғы-қасірет
Бабалар өткен бағадүр
Иман жалғыз досы боп,
Ізгілік жолын іздеген
Бұйрығы һақтың осы деп
Кіршіксіз ғұмыр кешудей
Бізгеде Алла нәсіп ет,
Кіршіксіз ғұмыр кешудей
Бізгеде Алла нәсіп ет
Written by: А. Бексұлтан, Қ. Сарин
instagramSharePathic_arrow_out