Songteksten

Қос жанарың сенің аспан —
Ғаламшарым менің ашқан.
Күлімдеп ғарыштан тұрасың маған.
Шұғыласың шуақ шашқан,
Сұлулық жоқ сенен асқан,
Қолжетпес алыста тұрасың ғалам.
Жаным жаным,
Ғарыштағым,
Ғаламшарым-сың сен менің!
Жұлдыздардан құрап мәтінді,
Түнгі аспанға жаздым атыңды,
Жүректегі махаббатымды, білші солай.
Сен алыстап кеттің шақырым,
Бөлмемде жүр әлі әтірің,
Адасады менің ақылым, сүйдім солай...
Тартылысқа бағынбайтын,
Сені күн жоқ сағынбайтын,
Ауадай қажет боп тұрасың маған.
Сұлулығың сенің - Ай, Күн,
Махаббатым менің - айқын,
Сені ғана жүрек жырласын қалам.
Written by: Мирас Асан, Әлжан Нұрлыбек
instagramSharePathic_arrow_out