Songteksten

Менің сендей шын сүйгенім бар.
Мәңгілікке сен қасымда қал.
Ақылына көрігі сай жаным,
Қылығыңда тәтті шекер бал
Ешбір гүлге ұқсамайтын гүлсің.
Ғашық етті сезім деген тылсым.
Көңілімнің биігінде жүрсің,
Жүрегімнің қақ төрінде тұрсың
Бақытымның шырағын сен жақ.
Саған деген махаббатым ақ.
Жетіп жатыр сен қасымда болсаң,
Керек емес маған басқа бақ.
Written by: Оразбек Қиынбаев, Сәбит Жиеналиев
instagramSharePathic_arrow_out