Songteksten

Айым-ау, саған деген әнім басқа,
Бола ма сендей жанды сағынбасқа?
Айтатын таусылмайтын сырларым бар,
Өзіңдей жайраңдаған ару қызға.
Күнім-ау, бұрын қалай жолықпадың,
Татпаппын сағыныштың анық дәмін.
Қалайша сенсіз жүріп мен қуанғанмын,
Қалайша менсіз жүріп сен де қорықпадың.
Сағындырған, о махаббат,
Жанымды жүрсің нұрға бөлеп.
Табындырған, о махаббат,
Қасиетің бар бір керемет!
Бола алмас мен сияқты әркім ғашық,
Ойлаймын кейде өзіңді ұйқым қашып.
Сен маған сенсең деп ем, көрсең деп ем,
Жасырын жүрегіңнің құлпын ашып.
Сағындырған, о махаббат,
Жанымды жүрсің нұрға бөлеп.
Табындырған, о махаббат,
Қасиетің бар бір керемет!
Сағындырған, о махаббат,
Төзімім бар ғой өзің берген.
Ойнамашы, о махаббат,
Мендегі әсем сезімдермен.
Written by: Медеу Арынбаев
instagramSharePathic_arrow_out