Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Азимбек Байлин
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Азимбек Байлин
Komponist:in
Мөлдір Айтбай
Songwriter:in
Songteksten
Алысып ауыздықпен аламанда
Шабысып
Тұлпарлар тұр жолағанға қағысып
Шап деп хабар тарағанда, жарысып
Бастарда
Тартып ұста жүгеніңді, жасқанба
Қатар соққыз жүрегіңді шапқанда
Шаңың ұшсын шұбатылып аспанға
Жасқанба
Тоқтамашы тоқтамашы шаба берші жануар
Мәреге алғаш жету үшін сенде баптың бәрі бар
Маңдайыңда бақ жұлдызың бүгін анық жағылар
Айда бала
Сәйгүлігім, қазанатым, шалқұйрығым, тұлпарым
Тұлпарлардың ішіндегі топ бастаған сұлтаным
Алла қолда атқа мінген Алты алаштың ұрпағын
Айда бала
Шабады
Тер бұрқырап жауырыннан
Тамады
Сорғалап кеп сауырынан ағады
Жұлып жердің бауырынан тағаны
Сыншылар, Күреңбайдай баға беріп
Мың сынар
Қара басып қала беріп кім шыдар
Алға қарай дара болып
Кім Шығар! Кім шығар!
Written by: Азимбек Байлин, Мөлдір Айтбай