Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Нұрлыбек Нағметов
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Нұрлыбек Нағметов
Songwriter:in
Songteksten
Бауырым бар
Бауырым бар
Жаныма медет болатын
Бауырым бар
Ақылы керек болатын
Бауырым бар
Жақсыға себеп болатын
Ісіне оның қашанда
Шынайы көңіл толатын
(Қайырмасы)
Бауырым
Барымды бағалайтын
Ауырға қарамайтын
Жалғыздық құрсауында
Ешқашан қалдырмайтын
Сенсің
Тәңірім
Дұғамды қабыл алған
Бауырды берген маған
Күн - түні тілеп едім
Амандық бір Алладан
Деп шын
Бауырым бар
Қашанда биік тұратын
Бауырым бар
Жақсыға мойын бұратын
Бауырым бар
Көзімнен бәрін ұғатын
Құласам әркез жанымда
Тіреу боп маған тұратын
Әні, Сөзі: Нағметов Нұрлыбек
Written by: Нұрлыбек Нағметов