Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Динара Алжан
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Алмас Болатов
Komponist:in
Қайнар Алагөзов
Songwriter:in
Songteksten
Ұлы Жібек жолы барған,
Оңтүстіктен орын алған,
Түркістанның төрін алған, Шымқала.
Алтын сарай тұрғызғалы,
Тартынбаған ұл-қыздары,
Жарқылдаған жұлдыздары, Шымқала.
Беделімен басқалардан,
Биік тұрған Шымқала.
Тұрғындарын анасындай,
Сүйіп тұрған Шымқала.
Тамырыңды терең жайып,
Көркейе бер, гүл қала.
Құшағына миллион адам,
Сыйып тұрған Шымқала.
Қамалы бар алынбаған,
Адамы бар жалындаған,
Айдай сұлу ару қалам, киелім.
Араладым мың қаланы,
Қыдырсам да қыр даланы,
Қызығы мол Шымқаланы сүйемін!
Беделімен басқалардан,
Биік тұрған Шымқала.
Тұрғындарын анасындай,
Сүйіп тұрған Шымқала.
Тамырыңды терең жайып,
Көркейе бер, гүл қала.
Құшағына миллион адам,
Сыйып тұрған Шымқала.
Written by: Алмас Болатов, Қайнар Алагөзов