Topsongs van Елдос Мыңжасар
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Елдос Мыңжасар
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Ботакөз Бексары
Songwriter:in
Songteksten
Сарғалдақ түстес сағыныш
Қарашығымда қамыққан
Құтқарып алып кетсеңші
Жалғыздық дейтін тамұқтан
Сыңғырда сыңғыр күлкің-ай
Ақыл есімнен жаңылтқан
Айналып қана кетейін
Дауысыңнан бей уақ сағынтқан
Шытырман ойға шатылып
Күздің де күні таусылды
Тәтті уын сыйлап сезімнің
Сағыныш тағы қаусырды
Сабырдан мені айырған
Сағынып кеттім даусыңды
Сабырдан мені айырған
Сағынып кеттім даусыңды
Үміттің шоғын үрлейтін
Шуағыңменен жанып өт
Бүлкілдеп маза бермейді
Кеуде тұстағы жарым ет
Сағыныш сазын маздатқан
Көңілдің алдың әні боп
Түсіне білсең хәлімді
Өмірдің сенсіз мәні жоқ
Written by: Ботакөз Бексары