Songteksten

Дәм тартып жатқа,
Кеттің бе, қалқам?
Жар болар жасқа,
Жеттің бе, қалқам?
Қиналған жерде,
Сыр берме, қалқам!
Сыналған жерде,
Сүрінбе, қалқам!
Еліңді ойлап,
Егілме, қалқам!
Анаңды аңсап,
Езілме, қалқам!
Жамандық көрсең,
Жасыма, қалқам!
Табылам әркез,
Қасыңнан, қалқам!
Жамандық көрсең,
Жасыма, қалқам!
Табылам әркез,
Қасыңнан, қалқам!
Жер басып жүрсең,
Қорғаның болам.
Суықтан қорғар,
Орманың болам.
Әкеңді ойлап,
Сағынба, қалқам!
Сыйлы бол әр кез,
Жарыңа, қалқам!
Соңымнан ерген,
Інімдей боп ең.
Шуғын төккен,
Күнімдей боп ең.
Сұқ көзден қорқар,
Балапан едің.
Аққу боп ұштың,
Табылып теңің.
Еліңді ойлап,
Егілме, қалқам!
Анаңды аңсап,
Езілме, қалқам!
Жамандық көрсең,
Жасыма, қалқам!
Табылам әркез,
Қасыңнан, қалқам!
Жамандық көрсең,
Жасыма, қалқам!
Табылам әркез,
Қасыңнан, қалқам!
Written by: Қанат Жүнісов
instagramSharePathic_arrow_out