Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Айгерим Ораз
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Айгерим Ораз
Songwriter:in
Songteksten
Жүрегіме жылы сезім жолдадың,
Көздеріңде жатыр менің жолдарым,
Маған жаңа Әлем болып орнадың,
Сені солай қабылдадым.
Мен қалаған бақыт сенде сеземін,
Сол бақытқа қадам басып келемін,
Сенен ғана сезінемін себебін,
Махаббаттың барын, бәрін.
Тек сенен жаным
Мен бар бақты таптым.
Өзіңсіз өмірдің
Барлық есігін жаптым.
Сен жанымда жүргендіктен бе менің,
Мен жолымда күмән көрмей келемін,
Махаббаттың мезгілі мен мекенін,
Жақсы көрдік, сүйдік бәрін.
Жүрегімнің жеңісі боп келіп ең,
Мен жеңілсем, сен жеңсін деп жеңілем,
Бар ғұмырға татитындай сенімен,
Өтіп жатқан минуттарым.
Written by: Айгерим Ораз