Vergelijkbare songs
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Alashuly
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Табылды Досымов
Songwriter:in
Songteksten
Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген
Үйіме үнсіз тұнжырап қайғырып келем
Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап
Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ
Аққу сындымын бұл күнде айдыны қырау
Қай жаққа апарып көмермін қайғыны мынау
Өңіме қарай бір кезек шаппайсың неге
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім-ау
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ
Аққу сындымын бұл күнде айдыны қырау
Қай жаққа апарып көмермін қайғыны мынау
Өңіме қарай бір кезек шаппайсың неге
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім-ау.
Written by: Табылды Досымов