Songteksten

Төніп турса төбемде күн
Теңінде деп елеңдедім
Қою түнгі қара көздің
Моншақтарын сен емдедің
Бәлкім сенде ойлайсын ба
Тұнық сырға бойлайсын ба
Айдан жолдап салемінді
Бір серпілтіп қоймайсың ба
Тыныштық бер жүрегіме
Құлак аспа тілегіме
Сезім шоқты тығып қойған
Жұмыр жердің жүрегіме
Күліп келем күлкім емес
Тек әйтеуір сылқым елес
Сені ойдан арылтпақпын
Бірақ әттең, бірақ әттең мүмкін емес
Ару айдың қанатынан
Тұман мұңдар таратылған
Сәулем менің қайда жүрсің
Ақша бұлттан жаратылған
Самал желмен тербейсің бе
Ыстық күнмен емдейсің бе
Сені іздеумен тұншыгамын
Желге мініп келмейсін бе
Тыныштық бер жүрегіме
Құлак аспа тілегіме
Сезім шоқты тығып қойған
Жұмыр жердің жүрегіне
Күліп келем күлкім емес
Тек әйтеуір сылқым елес
Сені ойдан арылтпақпын
Бірақ әттең, бірақ әттең мүмкін емес
Written by: Индира Елубева, Наби Аймуратов
instagramSharePathic_arrow_out