Songteksten

Жаным осы сәтті есте сақтайық
Қол ұстасып жаңа өмірді бастайық
Арманымызға жетелеп
Тұр алдымызда еркелеп
Талай күндер ғажайып
Жанарыңнан жан жылуын сеземін
Сенен өзге түсінеді мені кім?
Жүрегіміз нұрға толсын
Әр күніміз жарқын болсын
Аяулым сүйіктім
Жаным осы сәт
Қалсын мәңгі есімізде сақталып
Алайық лаззат
Әр күндерден шаттанып
Көңіл сырын ақтарып
Күнім осы әнім тек саған арналад(ы)
Алдымызда әлі жылдар бар ғажап
Әнім шарлап бар әлемді
Қоссын сүйген жүректерді
Алмасын тек жаралап
Written by: Abilkaiyr Zheksenbek
instagramSharePathic_arrow_out