Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Майра Сұлтан
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Әлжан Нұрлыбек
Songwriter:in
Songteksten
Күндерім өтіп жатыр көңілсіз,
Ештеңе қызық емес өзіңсіз.
Ауаны жұту қиын кей кезде,
Сүйемін деген сенің сөзіңсіз.
Жаныма ауыр болып барады,
Себебі мендік жүрек жаралы.
Ойласам бірге кешкен күндерді,
Жанарға жасым толып қалады.
Емін таппай жүрек ауырғанда,
Сені іздеймін нөсер жауыннан да,
Себебім жоқ сені сағынбауға,
Сағынбауға,
Кірпік қақпай түнді күзетемін,
Мен білмеппін сезім мұз екенін.
Бұл жүректі қалай түзетемін,
Түзетемін.
Көрсеткім келмей саған жасымды,
Жанарым іштей тұнып жасырды.
Сағынып кейде сені аңсаймын
Кеудеңе қойғым келіп басымды
Written by: Әлжан Нұрлыбек