Muziekvideo

Aiza🤍 Cover “Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?” Instagram: Aiza_ssss Кеңес Әлімжан.кавер
Aiza🤍 Cover “Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?” Instagram: Aiza_ssss Кеңес Әлімжан.кавер bekijken op YouTube

Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Кеңес Әлімжан
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Жандос Қаржаубай
Komponist:in
АқжолТүменбай
Songwriter:in

Songteksten

Жанымның жыртып ақ шүберегін.
Дертіме дауа тапшы демедің.
Өтірік күліп, өмір сүрем де.
Өкініп тұрып жақсы көремін.
Көрінген едің шуақтай маған.
Шөлдесең жаным бұлаққа айналам.
Күйбеңің қанша қанжылатса да.
Сүйгенін бірақ жылатпайды адам.
Мен сені құшқан ұлы түн қайда...
Оның да ертең күні тумай ма..
Ес-түссіз сүйген есер шағымды.
Ұмыт дейсің бе?
Ұмыту қайда....
Іңкəр сезімге бөленбей ғалам.
Мұңын шағады өлеңдей маған.
Жұлдыз көрінсе Айдың жанынан.
Есіміңді оқып өлердей болам.
Түн мені тағы ойға батырды.
Шығардым жалғыз ойланатынды.
Құдай да шебер ұмытпасын деп.
Аспанға жазып қойған атыңды.
Жақсы көрем деп жиі алдайсың ба?
Жан тəніңменен сүйе алмайсың ба?
Менің жүрегім кешірімді ғой.
Өз жүрегіңнен ұялмайсыңба
Written by: АқжолТүменбай, Жандос Қаржаубай
instagramSharePathic_arrow_out