Songteksten

Жас келіп көзіме селдей
Жүргенде өзіме сенбей
Сендірдің сен келдің де
Ерекшем елден мүлде...
Қанша әлі бар екен сырың?
Тағдырлым, тәуекелшілім,
Шықпайтын сен мен үшін
Бақыттың шеңберісің!..
Сен болмасаң
Болмайды көңіл-күйім,
Сен болмасаң
Мен үшін өмір қиын,
Сен болмасаң
Жетпей тұрады бірдеңем...
Мендік өмір
Екіге бөлінеді:
Саған дейін/
Және де сенен кейін
Сен келгелі өзгеріп кеттім мүлде мен...
Қалықтап көкте жүргенім
Таусылмас оттегім менің
Бәрі де сенің арқаң
Тек саған сенім артам!..
Жиілеп жүрек дүрсілі
Айтылсын тілектің шыңы
Мәңгілік бол жанымда
Кеудемнің сол жағында
Written by: Рамазан Амантай, Өмірзақ Махамбет
instagramSharePathic_arrow_out