Muziekvideo

Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Дидар Қамиев
Künstler:in
Қарқаралы тобы
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Ержеңіс Әбді
Songwriter:in

Songteksten

Қызылда жасыл жалғанға мына,
Әліде сенбей алданғаныма.
Уақытымды отап, жүріп келемін,
Балтамды сілтеп орман бағыма.
Жоспарым болмай, басында құрған,
Жастығым солды-ау, жасыл бағымнан.
Қадірін білмей күн өткен сайын,
Көз жаздым қанша, қасымдағымнан,
Дүниені қуып, жетем деп жүріп,
Дүниеден озған асылдарымнан.
Тигізген досқа көп көмектерін,
Тигізіп айтса жекпе-жек дедім.
Алғырлық емес, аңғалдығымнан,
Аңдамай кімді өкпелетпедім.
Мекендеп нәпсі жүрек төріне,
Жетем деп мәнсіз тілектеріме.
Кішілігімді табанға таптап,
Кісілігімді тіреп көгіме.
Білмеймін қанша жазықсыз жанның,
Қаяу салды екем жүректеріне.
Сөз ерте алмай артымнан мәнді,
Мәңгі дедім ау бәлкім жалғанды.
Әділетсіз деп жүріп келіппін,
Әділдік іздеп шарқұрғандарды.
Бұлбұлға теңеп, сарқылғандарды,
Дүлдүлге теңеп, алқынғандарды.
Шабанға теңеп, шідерлеп қойдым,
Шабам деп алға талпынғандарды.
Мысын басам деп нағыз жүйріктің,
Мысқа теңедім алтын жандарды.
Дұғасы жоқты ұнады дедім,
Кінәсі жоқты, кінәлі дедім.
Жаласы барға жабысып өзім,
Жаны ашығанға жүр әрі дедім.
Адасса шын ер шешімін іздер,
Айтады сосын кесімін ізгі ел.
Жан болсам егер тәубе қылайын,
Жәннәт бағының есігін іздер.
Ақ көңіл момын бауырларым-ай,
Кесірім тисе кешіріңіздер, кешіріңіздер!
Written by: Ержеңіс Әбді
instagramSharePathic_arrow_out