Topsongs van Арыстай Асылтайұлы
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Арыстай Асылтайұлы
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Әлжан Нұрлыбек
Komponist:in
Саят Әбенов
Songwriter:in
Songteksten
Бауыр деген - әрине бауыр етің,
Жақын болар сол үшін бәріне тым.
Айсыз түнде тұратын жол көрсетіп,
Жүректегі өшпейтін жарық отың.
Бауыр десе қандай жан елеңдемес,
Оныменен тұғырың төмендемес.
Сол бауырың басыңа іс түскенде,
Ақыл айтып өзіңе берер кеңес.
Бауырменен өтеді балдай уақыт,
Оған жетпес еш байлық, таудай жақұт.
Бір бауырың болса да қорғанышың,
Қорғанышың болғаны қандай бақыт!
Ойды сезіп тұрады ойыңдағы,
Керек соны әрбір жан мойындауы.
Жаның бірге болған соң бауырменен,
Қаның бірге тулайды бойыңдағы.
Written by: Саят Әбенов, Әлжан Нұрлыбек