Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Астана тобы
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Ілия Жақанов
Songwriter:in

Songteksten

Толқын ойнап көлдің бетін желдетті
Көктем келді нөсерлетті селдетті
Көрдім дағы найзағайдың жасылын
Сені ойладым жарқылдаған асылым
Жаз да шықты жердің жүзін жайнатты
Тау тоғайда бұлбұлдарын сайратты
Зорға басып жүрегімнің тасуын
Сені ойладым келеді деп асылым
Зорға басып жүрегімнің тасуын
Сені ойладым келеді деп асылым
Кұстар қайтып алыс алыс жақтарға
Гүлдер солып қырау түсті бақтарға
Сары күзде сарғайдым да жасыдым
Сені ойладым аңқылдаған асылым
Бәрі де өтті қыс та қайта оралды
Дала мүлгіп ақ көрпеге оранды
Ғашықтарда сыр болмайды жасырын
Мен сендікпін біл осыны асылым
Ғашықтарда сыр болмайды жасырын
Мен сендікпін біл осыны асылым
Мен сендікпін біл осыны асылым
Written by: Ілия Жақанов
instagramSharePathic_arrow_out