Songteksten

Үйленбесем кетеді ырысым,
Жалықтырды жеке жүрісім.
Жақсы қыздар жолықпайды ма деп,
Біз шаңырақ көтеру үшін.
Жасағалы жүрген едім мен,
Бойдақтардың көтерілісін.
Театрлардың талайынан,
Лермонтов пен Абайынан.
Парктердің маңайынан,
Республика сарайынан.
Ұлы, орта, кіші жүзден,
Албан, Найман, Адайымнан.
Іздедім,
Таппадым.
Көрші ауылдан көріп қалған,
Әппағым.
Жанарыңда толған ай күні,
Ап қашады сені қай күні?!
Қуантады сол бір арудың,
Мені күтіп жол қарайтыны.
Ата-анамыз алысқа шаппай,
Жақын жерден дорбалайтыны.
Written by: Жандос Қаржаубай, Рамазан Амантай
instagramSharePathic_arrow_out