Verschijnt in

Credits

AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Байтерек
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Елубаев Бауыржан
Songwriter:in

Songteksten

Есімде сол бір кез күлімдеп мөлдір көз
Сен маған қарағанда нұрланар едім
Жарқыным жан құрбым тартуы тағдырдың
Бақытқа бір өзіңді шын балап едім
Мінезің мақпалдай арусың ақмаңдай
Көз ілмей армандаймын аңсаумен сені
Іздеймін түсімде жұлдыздар ішінде
Жоғалтып алғандаймын жан сәулем сені
Қимастықпен қоштасатын кезім есімде
Айлы түнде арман қуып көз ілесіңбе
Жаралы жүрегім аңсайды сені
Махаббатымды сезінесіңбе
Шаттығым менің тәтті мұң бе едің
Өтті күндерім көңілсіз өзіңсіз
Кешір ардағым
Сағынған көктем бағымнан кеткен
Сағым боп өткен күндерді
Ұмытпай есіңе ал жаным
Таңдана тағдырға қол бұлғап қалдың ба
Жабырқау жанарыңды ұмыта алмадым
Бағы боп басқаның жаралса жас жаның
Сені де алдамасын үміт арманың
Оралмас бақ құсым ақ арман ақ мүсін
Бір нәзік сезім едің жүрегімдегі
Арманға еңсені балап ем мен сені
Мәнгілік махаббатым бұл өмірдегі
Қимастықпен қоштасатын кезім есімде
Айлы түнде арман қуып көз ілесіңбе
Жаралы жүрегім аңсайды сені
Махаббатымды сезінесіңбе
Шаттығым менің тәтті мұң бе едің
Өтті күндерім көңілсіз өзіңсіз
Кешір ардағым
Сағынған көктем бағымнан кеткен
Сағым боп өткен күндерді
Ұмытпай есіңе ал жаным
Written by: Елубаев Бауыржан
instagramSharePathic_arrow_out