Songteksten

Түнерген түнді мұң басқан
Сағынып бізді сырласқан
Мұңымды енді сен емес
Тындап жүр қою түнгі аспан
Сен едің маған керегі
Шын сүйіп едің себебі
Сен емес маған құштар боп
Күн келіп беттен сүйеді
Мұңдасып аспан тағдырмен
Жылайды ол да жаңбырмен
Сүймейтін мен емес, кінәлі сен емес
Өтпелі сезім бұл, өкініш жай емес
Білемін білемін, сеземін сеземін
Тағдырым сен емес
Сүймейтін мен емес, кінәлі сен емес
Өтпелі сезім бұл, өкініш жай емес
Білемін білемін, сеземін сеземін
Тағдырың мен емес
Кінәлі біз емес
Жүрегім менің жаралы
Жанарым от боп жанады
Хаттарда енді сен емес
Өрнектеп ақ бұлт жазады
Махаббат еді тұмарым
Ұмытам енді шын бәрін
Кеудемде енді сен емес
Мұң болып әнім құшады
Мұңдасып аспан тағдырмен
Жылайды ол да жаңбырмен
Сүймейтін мен емес, кінәлі сен емес
Өтпелі сезім бұл, өкініш жай емес
Білемін білемін, сеземін сеземін
Тағдырым сен емес
Сүймейтін мен емес, кінәлі сен емес
Өтпелі сезім бұл, өкініш жай емес
Білемін білемін, сеземін сеземін
Тағдырың мен емес
Кінәлі біз емес
Сүймейтін мен емес, кінәлі сен емес
Өтпелі сезім бұл, өкініш жай емес
Білемін білемін, сеземін сеземін
Тағдырым сен емес
Сүймейтін мен емес, кінәлі сен емес
Өтпелі сезім бұл, өкініш жай емес
Білемін білемін, сеземін сеземін
Тағдырың мен емес
Кінәлі біз емес
Written by: Нұршапағат Орынбасарқызы
instagramSharePathic_arrow_out