Songteksten

Бақытымның баянысың сен
Ақ жүрегім, аяулымсың сен
Сағынамын алыс елде жүрсем де
Астанамдай арманымсың сен
Бәйтерегім биік арманым
Ардағым-ай, сені жалғыз таңдадым
Қуансам да, мұңайсам да, ақ қалам
Ғашығым-ай, аңсаймын сені, о-оу, Астанам
А-а-ай, арман-ай, о-оу, жандар-ай
Жанарларың қос шырақтың жанғаны-ай
Сағынышты жылдар, жолдар-ай
А-а-ай, арман-ай, о-оу, жандар-ай
Алғаш мені ғашық еткен ақ қала
Сағынышым жүрегімде сен, Астана
Сағынамын, болмас сағынбай
Туған жерге болмас табынбай
Кіндік қаным тамған жерім жанымдай
Қазақ жері пейіш бағымдай
О-оу, шаңырақтың жарық нұрындай
Сүйем сені асыл таза арудай
Аяулым-ай, сендей сұлу жас қалам
Қиялымда, жүрегімде сен, о-оу, Астанам
А-а-ай, арман-ай, о-оу, жандар-ай
Жанарларың қос шырақтың жанғаны-ай
Сағынышты жылдар, жолдар-ай
А-а-ай, арман-ай, о-оу, жандар-ай
Алғаш мені ғашық еткен ақ қала
Сағынышым жүрегімде сен, Астана
А-а-ай, арман-ай, о-оу, жандар-ай
Жанарларың қос шырақтың жанғаны-ай
Сағынышты жылдар, жолдар-ай
А-а-ай, арман-ай, о-оу, жандар-ай
Алғаш мені ғашық еткен ақ қала
Сағынышым жүрегімде сен, Астана
Written by: Р. Ғайсин, Ш. Сариев
instagramSharePathic_arrow_out