Songteksten

Бір жарық бар
Түнгі аспанда жымыңдаған
Жарқ еткендей бір маған
Жұлдыздардан мыңдаған
Жол таба алмай
Қараңғыда адасқанда
Жүрек саған бастар ма?
Қанат қақтым аспанға
Шексіз көктен әркез
іздегенмін,
Талассада кең ғалам,
Жаралғансың сен маған!
      
Жұлдызыма келем ,
Жолдарды жеңем
Жанымд(ы) емде
Жарығыңменен.
Тылсым сыры дара
Аспанға қара
Бір жұлдыз жаратылған
Тек сен үшін ғана
 
Әрбір адам
Бір жұлдызбен егіз деймін
Өз-өзімді іздеймін
Үмітімді үзбеймін
Аңсағаным
Қол жеткізбес күреспесем
Жұлдызыма жетпесем
Арман үшін от кешем
Сан мен сұрақ
Бізді мазалайды
Ойласақта талайды
Жан бақытты қалайды
Written by: Тарас Демчук
instagramSharePathic_arrow_out