Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
ШYNGYS
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
ШYNGYS
Songwriter:in
Songteksten
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер
Балапан ұясынан безген
Іздейд жылу түзден
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер
Балапан ұясынан безген
Іздейд жылу түзден
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер
Балапан ұясынан безген
Іздейд жылу түзден
Ақ парақ жатыр алдымда
Қараңғы бөлме шабыт айналған марқұмға
Жүрек ештеңе сезбейді көкіректе тундра
Еріндерім күлседағы жанарымда мұң бар
Ұрлау ұят емес нәтижесінде тоқ болсаң
Жеке ұшақпен Бали араладарына қонсаң
Жақындарың бақытты жоқшылық дегенді ұмытса
Аптасына жеті күн мейрам, жеті күн бармицва
Әділдік деген жерұйық
Өмір өзен дейтін болсақ түбі тесілген қайық
Қатігездік табиғатымыз оның несі айып
Сен емес Құдай шешед кімнің неге екенін лайық
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер
Балапан ұясынан безген
Іздейд жылу түзден
Қытайға сатылмасын жер
Деп байбалам саласың бірақ басыңда жоқ пәтер
Өгей әкенің ұлдары, көнбеске амал қалмады
Өртеп жатқан өзегімді надандығымның салдары
Су ішкен құдықты ластап іздейміз тағы тазасын
Алыстадық бірақ жақындатады жақын қазасы
Айнаға қарауға бет жоқ өзіңнен өзің қашасың
Қара капюшон өкпемде қаламның лас ауасы
Ақын емеспін мүлдем бірақ ақындық болды арманым
Бойымда арпалысады ұят пен қылығы баланың
Қара шаңырақ алыстады есіп мұзды ызғарын
Соңғы сөзім Құрметпен қазақ рэпінің ханы
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер
Балапан ұясынан безген
Іздейд жылу түзден
Written by: ШYNGYS