Songteksten

Жақының қашар кез болар.
Тағдырың болса жазылған.
Дұшпаның досқа айналар.
Сен бір кез үркіп жасынған.
Өзіңді өзің жұбатып.
Таңырқап дерсің бұл қалай.
Көңілің кейде құлазып.
Түсерсің күйге әрқалай.
Бағалай алсаң барың да бақыт.
Күтіп те алар шығарып салып,
Бұралаң жолы сан түрлі бағыт.
Өмір солай, Өмір солай........
Сүрінсең ұмтыл тұруға.
Күресе білгін берілме.
Сынбасын сағың сындарға.
Жас төгіп бекер егілме.
Жер асты болған мекені.
Жер бетін кімдер баспаған.
Мәнсіз бұл жалған дүниені.
Кез келіп бәрі тастаған.
Бағалай алсаң барың да бақыт.
Күтіп те алар шығарып салып,
Бұралаң жолдар сан түрлі бағыт.
Өмір солай, Өмір солай........
Written by: Жандос Әлімбетов, Мереке Қалбаева
instagramSharePathic_arrow_out