Topsongs van G.H.A.D
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
G.H.A.D
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Назар Сұлтанбаев
Songwriter:in
Асет Маста
Songwriter:in
Songteksten
Эволюция қате ұғым, Дарвин - маймыл,
Ұнаймын деп жалған айта алмаймын.
Америка, экшн, әлемді құтқарушы
Буш па? Обама ма жарылған қару үшін?
Қулықпен тонауда дүниені яхуди мырза,
Бұл әлем менікі деп өз-өзіне риза.
Мариямұлы Иса әлі де келіп қалар,
Даджал отқа түсір аштырмай-ақ виза.
Туылсын ақын жырау, батырлар мен билер,
Туылсын ибн-Сина, əл-Фарабилер.
Азайып кетпесін ұлтым ғажайып біздің күйлер,
Түбі тұнық асыл сөз, тек сана билер.
Оң құлақтан кірген сөз сол құлақтан шықпасын,
Құлға құл болу үшін басты бұқпаспын.
Білімді-білімсіз екі түрлі бұл қоғам,
Мақсатыма жетпей өлсем онда мен кім болғам?
Қолға алып қаламымды қуаттаймын рухты,
Сыра ішкен жігіттер толтырар тек қуықты.
Бильдерберг ұжымы санаңды бүлдірмек,
Биыл терген шөп шалаңмен ұрпақты күлдірмек.
Сұраққа жауап болар - ол күнге де жетеміз
Əділеттік орналар- ол күнге де жетеміз
Жүректер жазылар - ол күнге де жетеміз
Соғыс өрті жоғалар- ол күнге де жетеміз
Сүрінсек те құламай- ол күнге жетеміз
Жеңіс үшін налымай - ол күнге де жетеміз
Аш қарын тоқ болар - ол күнге де жетеміз
Амалға есеп берер ол күнге де жетеміз
Жаман үйдің қонағы би, ақ босаға,
Хақ сөзін айтады Нәби жақпаса да.
Бауырым осыны жадыңда түй,
Түйе мінген кім болса да Құран тілі араби.
Көкелердің ойы тек қана жеп қалайын,
Кедей - бай, бай Құдай болуға дайын.
Жуынып, шайынып қолдың қанын езер,
Жайылған дастарханыңнан бас тартайын.
Бұл өмір - ойын, жай ғана бір белес,
Дүниені қолыңда ұста, жүректе емес.
Кеңесімді айтайын уақытында түсінесің,
Сəтін жіберіп алсаң пайдасыз өкінесің.
Қу жалғыздық қинады, қашамыз тұрмыстан,
Басы бос, жиналды алыстап намыстан.
Жағдайы келе тұра талақ қылар көбейіп,
Тынысы тарылғанда іздейтіні - Түркістан.
Адамзат атылып шыққан бір тамшы су,
Күнәні шаю үшін білері қан ағызу.
Өзгені адам көрмес- тек ойы бұзу,
Қанішердің адырайып көрінер тісі азу.
Сұраққа жауап болар - ол күнге де жетеміз
Əділеттік орналар- ол күнге де жетеміз
Жүректер жазылар - ол күнге де жетеміз
Соғыс өрті жоғалар- ол күнге де жетеміз
Сүрінсек те құламай- ол күнге жетеміз
Жеңіс үшін налымай - ол күнге де жетеміз
Аш қарын тоқ болар - ол күнге де жетеміз
Амалға есеп берер - ол күнге де жетеміз
Ол күнге де жетермiз, өмiр асау толқын теңiз.
Өмiр өзi ақ пен қара, өмiр-өлiм тумаластай.
Маған келсе егер сөзiме сенсеңiз барын,
Неге кiм атты Алтынбектi қайда кеттi iз?
Оңға ма, солға ма бiлгiм келгенi сол ғана,
Қылмыскердiң орны үйде ме, әлде торда ма?
Кiм атты Заманбектi жанұясын еңiретiп?
Тағыда сол бiр сұрақ - ендi өлiм кiмнiң ретi?
Қандай оның келбетi? Қандай оның ниетi?
Қандай оның достары? Әйелi оны сүйетiн?
Түрi мен түсi, мұрыны, құлақ, шашы, тiсi,
Бұл екeуiн өлтiрткен ұсталмайтын қандай кiсi?
Ах, кiм ол, кiм ол? Кiм ол сонша көрiнбейтiн?
Қайда әдiл КНБ, прокурормен ерінбейтін?
Адам емеспе елім дейтін? Қағаздар қайда желiмдейтiн?
Мен үшiн олар актер жамалғандар сенiң кейпiң.
Қатты айтты демеңiз, ол күнге де жетермiз.
Ақша мен бiлiк десе хайуаннан де бетермiз.
Нәпсi алға койып алғанша қарын-қалта тойып,
Құрбандыққа адамдарды жатыр малша сойып.
Ақиқат айтқандардың көзiн жойып, аузын жапты,
Қаншама отбасының тағдырына балта шапты.
Жауап жоқ нақты, теледидарда бәрi тәттi.
Ақиқатты жерледiк, бiр уыс салып топырақты.
Иә, дәл солай
Ол күнге де жетермiз
Арттық айтты демеңiз
G.H.A.D отбасы
Жақау
Жаңаөзен байланыста
Сіздермен біргеміз
Ай, заман-ай, заман-ай!
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай.
Баспақ, тана жиылып
Фәни болған заман-ай.
Құл-құтандар жиылып,
Құда болған заман-ай.
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман-ай.
Азаматың құлапты,
Жұрт талық болған заман-ай.
Арғымақтың жалы жоқ,
Жабылар жалымен теңелер.
Жақсылардың малы жоқ,
Жамандар малымен теңелер.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Алланың аманаты - жан,
Қай күн алары болжалсыз.
Written by: Асет Маста, Назар Сұлтанбаев