Songteksten

Сөзіңді айтпай жақсы деген
Айтпасаң да жақсы жақсы білем
Көзіңнің айтқан көп сырларын
Осы әуеніммен тәпсірлегем
Сырлас болмайтын жақсыменен
Қорқасың айтшы нақты неден
Көзілдіріксіз көрмейтін қыз
Көзілдіріксіз ақ жақсы көрем
Жүректі неге тыңдамың
Тыңдасаң айтар бір қалауын
Өзі емес көзі сөйлейтін қыз
Болайын сенің тыңдарманың
Сөзіңді үнсіз тыңдағанмын
Көзіңді неге мұңға малдың
Ұрланып қарап көзілдіріктен
Жүрегімді де ұрлап алдың
Сыртыңнан сырттай мақтай жүрем
Қалағаным сен аттай бірден
Жоғалтқаным жоқ болсада
Сендей сұлуды таппай жүрем
Қадалып көзбен оқтай бірден
Өз-өзімді мен ақтай жүрем
Қарашығын көзіңіздің
Көзілдіріктей сақтай жүрем
Written by: Нұрсәт Серік
instagramSharePathic_arrow_out