Songteksten

Жайнашы жаз гүлі жайна,
Жадырап жастық шақты тойла,
Сайрашы бұлбұлым сайра,
Тербелсін түнгі жұлдыз, Ай да.
Жолығып жұбандым ойдан,
Дастархан қуанышын жайған,
Өзіңмен танысып айнам,
Келемін шалқып-тасып тойдан.
Айнам, айнам, айнам-ай,
Жастық шақты тойламай,
Қонар арман қайдан- ай,
Бір сені ойламай.
Қайда деп, сүйгенім қайда,
Қарадым қолым жетпес айға.
Құшағым сезіммен жайған,
Жолықтым өзіңмен айнам.
Жолығып, жұбандым ойдан,
Дастархан құанышын жайған.
Өзіңмен танысып айнам,
Келемін шалқып-тасып тойдан.
Айнама қараймын айнам,
Жастық шақ дәуренімді тойлап.
Бағыма санаймын Айнам,
Сезімнің бал-бұлагын бойлап.
Жолығып, жұбандым ойдан,
Дастархан қуанышын жайған.
Озімңмен танысып Айнам,
Келемін шалкып-тасып тойдан.
Written by: Д.Бахаров, Ш.Сариев
instagramSharePathic_arrow_out