Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Дервиши
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Дильмурат Бахаров
Komponist:in
Абрахман Асылбек
Songwriter:in
Songteksten
Достығың сенің басталады өзіңнен,
Сонау балғын бала кезіңнен.
Балалармен достасасың,
Мөлдір таза сезіммен.
Достығың жайлап ақ айдынға теңелер,
Үйің, ұлтың болып кенелер.
Достықпенен сыйласқан ел,
Зор бақытқа бөленер.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Достық – махаббатым,
Жан жылуы, шапағат
Маған, саған да.
Достық – күншуақ
Нұрын шашқан ғаламға.
Шекара болмас достық деген ұғымда,
Болғын, мейлі. Алтай, Қырымда.
Бөленбейік, көрінейік,
Шын достықтың шыңында.
Адамға, доссыз асыл өмір – бос өмір,
Мейлі, ұлы болғын неше бір.
Абыройың, әрбір ойың,
Достарыңмен өседі.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Достық – махаббатым,
Жан жылуы, шапағат
Маған, саған да.
Достық – күншуақ
Нұрын шашқан ғаламға.
Written by: Абрахман Асылбек, Дильмурат Бахаров