Topsongs van Zhanbolat Zhazira
Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Zhanbolat Zhazira
Künstler:in
Songteksten
Тағдырым сынаған кезде
Биіктен құлаған кезде
Жаныма тыныштық таппай
Жүрегім жылаған кезде
Сен өзің тірегім болдың
Тәңірден тілерім болдың
Аялап алақаныңда
Жанымның шын емі болдың
[Қайырмасы:]
Аяулым менің, жан-жарым менің
Жазылмасын біздің жұбымыз біздің мәңгі
Ағарып атқан таңдарым менің
Тек сенімен арайлы, сәнді
Ардағым менің, жан жарым менің
Жазылмасын біздің жұбымыз біздің мәңгі
Ағарып атқан таңдарым менің
Тек сенімен арайлы, сәнді
Жаңылсам жолымнан кейде
Сен өзің шырағым болдың
Шөлдесем сусынып қанбай
Мөп-мөлдір бұлағым болдың
Шалқысам көңілім тасып
Шырқайтын жыр әнім болдың
Өмірде адаспай тапқан
Сен менің сыңарым болдың
Written by: Шалкар Аканов