Songteksten

Мен сенің күлген
Сағынып жүргем
Бейнеңді балдай!
Жүрсің деп қайда?
Таңертең ойлап
Аяулы асыл, айнамай!
Жанарды толтырма жасқа, мұңға!
Ойымнан кетпейсің қас-қағым да
Көгімде жұлдыз боп күлімдейсің
Мен жүрген қаланың мәңгі аспанында!
Сиқырдай тылсым
Сен ғажап нұрсың!!!
Жүрегің білсін!
Кетсең де айлап
Жұлдыздай жайнап
Көгімде жанып тұрасың!
 
Жанарды толтырма жасқа, мұңға!
Ойымнан кетпейсің қас-қағым да
Көгімде жұлдыз боп күлімдейсің
Мен жүрген қаланың мәңгі аспанында!
 
Жанарды толтырма жасқа, мұңға!
Ойымнан кетпейсің қас-қағым да
Көгімде жұлдыз боп күлімдейсің
Мен жүрген қаланың мәңгі аспанында!
Written by: Ұлықпан Жолдасов
instagramSharePathic_arrow_out