Paroles

Жабырқап тұрғаныңда
Мұңды әуен ырғағында
Біз жайлы түн жарымда
Ойға аласың ба?
Жауапсыз ақ жауында
Жан болмай жан-жағыңда
Сен жалғыз қалғаныңда
Ойға аласың ба?
Айтшы
Жабыққан шағыңда
Болса деп жанымда
Мені ойға аласың ба?
Тағы
Үмітпен шамалы
Махаббат бар әлі
Деп ойланасың ба?
Болса деп күнде де, түнде де мені қасыңда
Бөлердей үлдемен бүлдеге сені расында
Сен мені үндемей, дым демей сағынасың ба?
Мені ойға аласың ба?
Көздеріңнің моншақтарын
Жанарыңның мұң шаққанын
Өткеніңнің аңсап бәрін
Ойға аласың ба?
Үй жағыңа тоңып барсаң
Ғашығыңды көріп қалсаң
Не деймін деп, жолыққан соң
Ойға аласың ба?
Айтшы
Жабыққан шағыңда
Болса деп жанымда
Мені ойға аласың ба?
Тағы
Үмітпен шамалы
Махаббат бар әлі
Деп ойға аласың ба?
Болса деп күнде де, түнде де мені қасыңда
Бөлердей үлдемен бүлдеге сені расында
Сен мені үндемей, дым демей сағынасың ба?
Мені ойға аласың ба?
Болса деп күнде де, түнде де мені қасыңда
Бөлердей үлдемен бүлдеге сені расында
Сен мені үндемей, дым демей сағынасың ба?
Мені ойға аласың ба?
Written by: Жангелді Мереке, Өмірзақ Махамбет
instagramSharePathic_arrow_out