Titres les plus populaires de Madina Sadvakasova
Titres similaires
Crédits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Madina Sadvakasova
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Л.Жолдасұлы
Komponist:in
Р.Зайытов
Songwriter:in
PRODUKTION UND TECHNIK
Madina Sadvakasova
Produzent:in
Paroles
Ғажап еді түн қандай
Ай жүзінде мұң бардай
Ақ жұлдыздар сол айды
Жұбатқалы тұрғандай
Дидарыңнан арайлы
Тылсым жылу тарайды
Үнсіз ғана маған да, қарайды
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған
Жеткізе алмай сезімін
Тауысқандай төзімін
Жұлдыз ақса аспаннан
Тамшысындай көзінің
Жұлдыздарым сырласып
Жанымды ұғар мұңдасып
Өздеріңдей мені кім, тыңдасын
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын
Жұлдыздар, жұлдыздар
Түннің сырын сақтаған
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған
Жұлдыздар, жұлдыздар
Әнін айға қосатын
Өмірде бір қыз бар
Өз бақытын тосатын
Әлемде бір қыз бар
Жұбанышын таппаған
Writer(s): Madina Sadvakasova
Lyrics powered by www.musixmatch.com