Credits
AUSFÜHRENDE KÜNSTLER:INNEN
Mysterions
Künstler:in
KOMPOSITION UND LIEDTEXT
Дильен Сарбаев
Songwriter:in
Songteksten
Суыған сезім, таусылған сөзім,
Өзгермейтіні тек мендегі төзім.
Махаббат ол - айна, сақтауға оңай ма?
Жоғалтқан өзің, ол қайда деп сұрама… сұрама
Жүрегім мұз боп қалса да,
Кеудеме басайын жай ғана
Өткен күндерді, жаным, аңсама,
Оралмайды, оралмайды
Жаураған жаным болса да,
Кеудеме басайын жай ғана
Өткен күндерді, жаным, аңсама,
Оралмайды, оралмайды, аңсама
Бәрі-бәрі кеш, оу
Жүрегімді кеттің шайқап,
Енді ойнама, байқа
Бірге өткізген естелік күндерді, түндерді
Өзіңе қайта
Болды бәріне маза
Әңгіменің бәрі не зат
Сенде сезімнен, төзімнен, сөзімнен, өзіңнен болдым мен аза
Ойлама, ойлама
(Ары – бері теріп, әңгімені айта берме қайта)
Ойнама, ойнама
(Бәрі, бәрі, бәрі ойдағыдай бола бермес, байқа)
Ойнама, ойнама, сезіммен ойнама,
Кеудеме басайын жай ғана…
Жүрегім мұз боп қалса да,
Кеудеме басайын жай ғана
Өткен күндерді, жаным, аңсама,
Оралмайды, оралмайды.
Жаураған жаным болса да,
Кеудеме басайын жай ғана
Өткен күндерді, жаным, аңсама,
Оралмайды, оралмайды, аңсама
Балдай сезім де, сол бір кезең де
Бәрі өзгерген, қарашы көзіме
Махаббат ол – айна
Сақтауға оңай ма
Жоғалтқан өзің,
Ол қайда деп сұрама, сұрама…
Жүрегім мұз боп қалса да,
Кеудеме басайын жай ғана
Өткен күндерді, жаным, аңсама,
Оралмайды, оралмайды
Жаураған жаным болса да,
Кеудеме басайын жай ғана
Өткен күндерді, жаным, аңсама,
Оралмайды, оралмайды, аңсама…
Written by: Дильен Сарбаев